СҚО-да 15 мың гектар аумаққа алғаш рет соя егiледi

571

Өңiрде 1 млн га майлы дақылдарға бөлiнген.

СҚО-да 15 мың гектар аумаққа алғаш рет соя егiледi

Өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл диқандар соя еге бастайды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Өңiрде 1 млн га майлы дақылдарға бөлiнген. Биыл 15 мың гектар аумақта соя өсiре бастаймыз. Тұқым бар, арнайы техника алынды. 2020 жылға 150 мың га межесiн қойып отырмыз. Соя топырақты байытады. Соядан кейiн бидай жақсы өседi. Сөйтiп, бiз ауыл шаруашылығын әртараптандырамыз", –  дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ өңiр басшысы 40 ауылдың iшiнде 214 шақырым су тарату жүйесiн салуға қосымша қаржының табылғанын атап өттi. Барлығы 400 су колонкасы қойылады. Осы жұмыстың арқасында ауылдықтар үшiн ауыз су қолжетiмдi болады. Ауылдарда биыл 500 үй салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу