Тапқан затты туысының үйіне апарып көрсетіпті. Ондағылар полицияға хабар берген.
Соколов поселкелік полиция бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алып, жақын маңдағы үш үйдің жеті тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. Оқиға орнына жеткен жарғыш техниктер қауіпті затты арнайы қалыпқа салды.
Алдын ала хабарға сүйенсек, табылған зат "УЗРГМ" тұтандырғышы бар "РГД" гранатасы.
– Зат сараптамаға жіберілді, кейін арнайы жағдайларда жойылатын болады, – деп хабарлайды Қызылжар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Нұрлыжан Ақтанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу