СҚО-да 20-дан аса балабақшада карантин енгізілді

783

Өңірде желшешек ауруы дендеп тұр.

СҚО-да 20-дан аса балабақшада карантин енгізілді Фото: google

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 3 айда желшешек инфекциясы 1078  адамнан анықталды. Оның ішінде 943-і – 14 жасқа дейінгі балалар, деп жазады inbusiness.kz. 

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, ауырғандардың басым бөлігі (658 адам) Петропавлда тұрады. Облыс орталығында 19 балабақшаның, ал Айыртау және Тайынша аудандарында бір-бір балабақшаның  жекелеген топтарында карантиндік шектеу шаралары енгізілді.

Мамандардың сөзінше, балабақшаларда желшешекті тіркеу кезінде соңғы науқас оқшауланған сәттен бастап 21 күнге карантин белгіленеді. Медициналық бақылау ұзақтығы 21 күнтізбелік күннен тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу