СҚО-да 24 жасөспірім наркологтың бақылауына алынған

576

Қазіргі таңда өңірде спирттік ішімдіктерге әуес 5 675 адам тіркеуде тұр.

СҚО-да 24 жасөспірім наркологтың бақылауына алынған

Солтүстік Қазақстан облысында алты мыңға жуық адам маскүнем ретінде наркологиялық орталықта есепте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО психикалық денсаулық орталығының мәліметінше, қазіргі таңда өңірде спирттік ішімдіктерге әуес 5 675 адам тіркеуде тұр. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш.

"2019 жылы орталықта 5 675 адам есепте тұрса, 2018 жылы 5 768 адам болатын. Біздің тіркеуден бірқатар талаптар орындалған жағдайда ғана алынады. Ол үшін пациентіміз ай сайын психиатр-наркологқа қаралуға тиіс. Спирттік ішімдіктен бас тартып, емін жалғастыруы керек. Сондай-ақ психологиялық көмек те алуы қажет", - дейді облыстық Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Елена Шарабар.

Қазір орталықта 5 мыңнан астам адам есепте тұрса, соның мыңнан астамы – әйелдер. Араларында бала да бар. 24 жасөспірім наркологтың бақылауына алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу