42 жастағы ер адам 21 қыркүйекте Қызылжар ауданының Красный Яр ауылы жағындағы Есіл өзеніне балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған.
Полицейлер, сүңгуірлер және еріктілер орман-тоғайды, батпақты жерлерді және жолдарды тексеріп шыққан. 16 қазанда балықшының мәйітін учаскелік полицей марқұм балық аулаған маңнан тапты.
"Балықшының мәйітін Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тапты. Суға батып кеткен", – деп хабарлады Lider.kz қозғалысының еріктілері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу