СҚО-да 341 көпбалалы отбасы пәтер кезегiнде тұр

1000

Оның тек жартысы биыл баспанаға ие болады дейді өңір әкімі.

СҚО-да 341 көпбалалы отбасы пәтер кезегiнде тұр

СҚО-да 1 жылда көпбалалы отбасылардың 50 пайызы баспанаға ие болады. Бұл жайында өңір әкiмi Құмар Ақсақалов облыстық әкiмдiктiң отырысында мәлiмдедi, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі

Елбасы мемлекет әлеуметтiк саясатты күшейте түсетiнiн айтты. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек басты назарда болады. Қазiр облыста 341 көпбалалы отбасы пәтер кезегiнде тұр. Оның тек жартысы биыл баспанаға ие болады.

"Биыл 226 пәтерге шақталған 3 үй саламыз. Бiр жылдың iшiнде отбасылардың 50 пайызын баспанамен қамтимыз. Аудан әкiмдерi әр отбасымен жұмыс iстеп, баспанаға зәру отбасыларды анықтасын", — дедi Құмар Ақсақалов.

Облыста атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылардың саны 2115 ден 3225 отбасыға дейiн өспек. Бұған республика қазынасынан 1,7 млрд теңге бағытталмақ. Әр балаға ай сайын төленетiн қаржы 20 мың теңгеге дейiн өстi. Өңiрде 6700 бала осы көмекке ие болмақ. Мүгедек бала асырап отырған 2 мың отбасы үшiн ай сайынғы жәрдемақы 30 пайызға, яғни 31 мыңнан 41 мың теңге дейiн өспек.

Көп балалы отбасыларға 2-3 пайызбен пәтер берiледi. Жергiлiктi бюджет алғашқы жарнаның 10 пайызын өз мойнына алмақ.

Жұмыссыздар мен өз-өзiн қамтамасыз еткен азаматтарға "Еңбек" бағдарламасы өз көмегiн тигiзбек. Несиелерге 2,8 млрд тг, гранттарға 300 млн тг бөлiнедi. Сөйтiп, 1796 солтүстiкқазақстандық бизнеспен айналыса алады. Тiптi үйде отырып кәсiбiн дөңгелетуге мүмкiндiк туды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу