СҚО-да 44 жастағы ауыл тұрғыны көлік басқару құқығынан айырылмақ

531

7 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында мас күйде көлік айдаған жүргізушілердің кінәсынан 4 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған. 

СҚО-да 44 жастағы ауыл тұрғыны көлік басқару құқығынан айырылмақ

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының 44 жастағы тұрғыны өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылмақ, деп жазады inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

11 тамызда ВАЗ-2121 көлігін тізгіндеген ер азаматты патрульдік полиция тобының қызметкерлері тексеру үшін тоқтатқан. 44 жастағы тұрғын осыған дейін құқық бұзған. Ол 2020 жылы 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Тексеру барысында көлік жүргізушісінен алкоголь иісі шығып тұрған. Тиісті медициналық куәландыру оның масаңдық дәрежесін растады. 

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 

"Баптың санкциясына сәйкес бұрын көлік басқару құқығынан айырылған адамның масаң күйде көлік құралын басқаруы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ұсталғанға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда, көлік арнайы тұраққа қойылды", – деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, жыл басынан бері СҚО тәртіп сақшылары ҚР ҚК 346-бабы бойынша 36 факт тіркеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу