СҚО-да 5,5 мыңнан астам маман жетіспейді

592

Ең көп сұранысқа ие ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандар.

СҚО-да 5,5 мыңнан астам маман жетіспейді Фото: egemen.kz

Солтүстік Қазақстан облысында түрлі салада 5,5 мыңнан астам маман жетіспейді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасында хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жыл сайын біз кәсіпорындарға кадр қажеттілігіне байланысты сауалнама жүргіземіз. Биыл 1700 жұмыс берушіге сауалнама жүргізілді. Кадрға деген қажеттілік қызметтің әртүрлі салаларындағы 5516 маманды құрады, оның ішінде биылғы жылы 2481 маман тіркелді. Ал, ең көп сұранысқа ие ауыл шаруашылығы саласында білімі бар жұмысшылар. Мысалы, "тракторист" бірінші орында. Кәсіпкерлік субъектілерімен кадр даярлау мәселелерін талқылағаннан кейін біз бірқатар тәжірибелік семинарлар өткізуге шешім қабылдадық", деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

Осыған байланысты кәсіптік педагогикалық колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-практикум өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу