Өйткені олар қос азаматтықты пайдаланып келген. Яғни бұл адамдар Ресей азаматтығын алғанымен, еліміздің құжаттарын қолданып жүре берген, деп хабарлайды КТК.
Тәртіп сақшылары оларды іздеп тауып, қазақстандық төлқұжаттарын тартып алып жатыр. Ал жарамсыз төлқұжатпен жұмыс істеп, тіпті еліміздің жеңілдіктерін пайдаланып, мемлекетке шығын келтірген 80 адамға 200 мың теңгедей айыппұл салынды. Сондай-ақ, Ресей азаматтығын алса да, қазақстандық төлқұжатты арам пиғылда қолданбаған 451 адамға кешірім жасалыпты. Қос бірдей азаматтықпен жұмыс істегендердің арасында тіпті мемлекеттік қызметкер де бар. Осы үшін жұмысынан қуылған шенеунік 600 мың теңге айыппұл да төлеуі тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу