СҚО-да 530 адам қос ел азаматтығымен өмір сүрген

820

СҚО-да 530 адам қос ел азаматтығымен өмір сүрген

Жол қозғалысы мен көші-қон жағдайын жақсарту туралы өзекті мәселелер СҚО ІІД консультативтік-кеңесші органының отырысында қаралды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәурен Қазбеков жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша қолданыстағы шаралар туралы айтты. Жылдың басында 204 жол көлік апаты тіркелсе, бұл көрсеткіш  былтырғы жылмен салыстырғанда 14%-ға азайған. 670-тен астам тас жолды тексеру жүзеге асырылып, нәтижесінде кемшіліктерді түзетуге 576 нұсқама берілді. Қыс мезгілінен бері полиция мен атқарушы органдар жол күтімін қадағалайтын лауазымды тұлғаларды әкімшілікке жауапқа тартты. ККО мүшелері бұл мәселені келесі жылдың басында мүдделі ведомствалардың қатысуымен қарайды.

Көші-қон жағдайының бақылануы туралы көші-қон полициясының бастығы Еркетай Туткушев айтып берді. Жылдың басынан бері облыста еңбек иммигранттарына 2 мың рұқсатнама берілген, 20 мыңнан астам шетел азаматтары уақытша тіркелген. Қазақстан азаматтығын 178 адам, оның ішінде 74 оралман алды. Көші-қон заңнамасын бұзған 3140 шетелдік анықталып, 49 қылмыстық іс қозғалды. Облыста қос азаматтағы бар 530 адам анықталып, 80 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Консультативтік-кеңесші органының отырыс нәтижесін СҚО ІІД бастығы Берік Біләлев жедел-қызметтік іс-әрекет көрсеткіштерін мәлімдеп, қорытындылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу