СҚО-да 55 елді мекен төрт күн бойы жарықсыз отыр

463

18 қараша күні облыста 183 елді мекен жарықсыз қалды.

СҚО-да 55 елді мекен төрт күн бойы жарықсыз отыр Фото: Inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысында боранның салдарынан электр қуатынсыз қалған елді мекендердің саны 183-тен 55-ке дейін қысқарды. Энергетиктер 22 қараша сағат 15.00-ге дейін қалған ауылдарға жарық беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукиннің мәліметіне сүйенсек, 18 қараша күні облыста 183 елді мекен жарықсыз қалды. Әсіресе Мағжан Жұмабаев ауданында жағдай нашар болды. Магистралды желінің тіреуіші құлады. Бұл аудан электр қуатынан толық ажыратылды.

"Электр желілері "Севказэнерго" АҚ меншігі, компанияның көмегімен елді мекендерге электр қуаты беріліп жатыр. 46 бригада құрылған болатын. 183 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 7 ауданның 55 елді мекенінде жарық жоқ. Олар – М.Жұмабаев, Аққайың, Тимирязев, Есіл, Шал ақын, Қызылжар және Тайынша аудандары. Энергетиктердің хабарлауынша, ертең күндізгі сағат 15.00-ге дейін барлық елді мекендер электр қуатына қосылады", – дейді Владислав Лукин.

Мәселе туындасымен-ақ облыстық әкімдік басшылығының қатысуымен штаб құрылып, жұмыс жоспары жасалды.

"Біз әлеуметтік нысандарда жылыту жүйесінің қатып қалмауын негізгі міндет етіп алдық. Олар бірден резервті қуат көзіне қосылды. Яғни орталық қазандықпен жылытылатын мектептердің, емдеу мекемелері мен тұрғын үйлердің жылыту жүйесі қатқан жоқ. Өңірді сумен қамтып отырған "Есіл су" филиалы да күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Су тәулік бойы болмаса да, күніне бірер сағатқа берілуде", – дейді Владислав Лукин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу