СҚО-да 76 қайыршы жауапқа тартылды

828

СҚО-да "Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр.

СҚО-да 76 қайыршы жауапқа тартылды

СҚО полицейлері бір апта ішінде 76 қайыршыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

СҚО полицейлері қарашаның 22-сі мен желтоқсанның 1-і аралығында "Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Оның мақсаты – адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу. Адамдарды сатумен айналысуы және сексуалдық пайдалануы ықтимал деген объектілер, сауналар, көңіл-көтеру орындары, фермерлік шаруашылықтар тәртіп сақшыларының ерекше назарында.

Петропавлда сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісі анықталды. Тағы бір әкімшісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен, жеңгетайлыққа үй-жайлар ұсынғаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 76 хаттама толтырды.

"Тиісу ұғымына қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру кіретінін еске саламыз. Қайыршылық құқық бұзушылық болып табылады және бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу түріндегі жазаны қарастырады", – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу