СҚО-да 800 литрге жуық заңсыз алкоголь тәркіленді

727

Қоймадан табылған алкоголь және темекі өнімдерінің құны 13 миллион теңгеден асады.  

СҚО-да 800 литрге жуық заңсыз алкоголь тәркіленді Фото: СҚО полиция департаменті

Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары алкоголь өнімдері сақталған қойманы анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласындағы гараж кооперативтерін тексерген. Олардың бірінен контрафакт өнімдерінің қоймасы анықталды.

Ол жерден 740 литр спитр, 50 литр коньяк құйылған 158 бес литрлік ыдыс, сонымен қатар акциз маркасы жоқ 22 369 қорап темекі өнімі тәркіленді. Ал олардың жалпы құны 13 миллион теңгеден асады.

"Гараж иесі ол жерді қандай мақсатта пайдаланатынын ескермей жалға берген. Тексеріс барысында заңсыз тауардың иесі анықталды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім шығару үшін экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды", - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында облысында 7 900 литр алкоголь өнімі тәркеленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу