СҚО-да Аграрлық несие корпорациясы" басшысы бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді

533

Ол Петропавлдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

СҚО-да Аграрлық несие корпорациясы" басшысы бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді Фото: inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Бизнеске жол" жобасын іске асыру шеңберінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ облыстық филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деп күдіктелуде. Пара сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерді құрады.

Ақшалай қаражаттар ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін кредиттік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналған.

Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу