СҚО-да алдағы 5 жылда 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

1318

Тәуелсіздік жылдарында облыста 5 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.  

СҚО-да алдағы 5 жылда 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Құрылыс саласында 2021 жыл Солтүстік Қазақстан облысы үшін қарқынды өсу кезеңімен ерекшеленді. Өңірде 53 көпқабатты үй салынуда. Оның 23-і – жеке компаниялар есебінен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар 3,5 мың пәтер пайдалануға беріледі", – деді спикер.

Өңір басшысының сөзінше биыл 12 мың облыс тұрғыны жаңа баспаналарының кілтін алады. Осылайша, жалпы саны 340 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Алдағы жылға 400 мың шаршы метр салу жоспарланып отыр. СҚО орталығында "Жас өркен", "Береке" және "Орталық" шағын аудандарын салу жалғасуда. Петропавлда барлығы 1,7 мыңнан астам ескі және апатты үйлер сүріліп, 6 мыңнан астам қала тұрғынының тұрмыстық жағдайы жақсарған.

"Аймақта тұрғын үй құрылысы да дамып келеді. "Солнечный-2" және "Южный" шағын аудандарына барлық қажетті инфрақұрылым жүргізілуде (су құбыры, жолдар және электр желілері). 3 мың дайын жер учаскесі берілмек. Алдағы 5 жылда 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспары бар. Бұл 21 мыңнан астам пәтер. 70 мың адам өз баспанасына ие болады. Бұл облыстың әрбір жетінші тұрғыны. Тәуелсіздік жылдарында облыста 5 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді", – деді Құмар Ақсақалов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу