СҚО-да "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 193 сәби дүниеге келді

92

Оның 30-ы егіз.  

СҚО-да "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 193 сәби дүниеге келді Фото: egemen.kz

Қолдан ұрықтандыру қызметі мемлекет есебінен тегін жасалды, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар ЭКО орталықты таңдау мүмкіндігі ата-аналардың өз еркінде. Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, арнайы құрылған аймақтық комиссия бірінші кезекте шалғай елді мекендерден келген әйелдердің өтінішін қарайды. 

"Солтүстік Қазақстан облысына "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша 777 квота бөлінді. Олар толық көлемде игерілді. Мемлекеттің бұл бағыттағы қолдауы мұқтаж жұптардың алғаш рет ата-ана атануына мүмкіндік берді. Енді бұл жоба тоқтайды", – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Елена Калюжная.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу