СҚО-да Астана күндері өтеді

779

СҚО-да Астана күндері өтеді

СҚО-да еліміздің бас қаласының 20 жылдығына орайластырылған ауқымды шара аясында Астана күндері өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

6-7 маусымда петропавлдықтар қызықты мәдени бағдарламаны тамашалай алады.

7 маусымда сағат 19.00-де Н. Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрында Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері – классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің, "Шалқыма" халық би ансамблінің, "Қорқыт" дәстүрлі музыка тобы мен халық әндері бөлімі солистерінің қатысуымен "Астанадан ақ тілек" атты концерті өтеді.

Петропавлдықтар үшін елордалық Қуыршақ театрының труппасы да тосынсый дайындапты. Аталмыш ұжым өзінің үздік қойылымдарының бірі – "Мәңгілік бала бейне" спектаклін 6 маусымда сағат 16.00-де және 7 маусымда сағат 12.00-де Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының сахнасында көрермен назарына ұсынады. Шығарма авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанова.

Екі күн бойы Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрында таңғы сағат 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін "Ақ тілекпен, Астана!" атты көрме жұмыс істейді. Экспозицияда елімізге танымал 50 суретшінің 100 еңбегі қойылмақ. Коллекцияны Тәуелсіздік сарайының ұжымы ұсынатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу