СҚО-да ауыл дүкенінен заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді

555

Полицейлер дүкен сөресінен 70 литр алкоголь өнімін тәркіледі.  

СҚО-да ауыл дүкенінен заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді Фото: Polisia.kz

Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінде жаңадан ашылған дүкеннен лицензиясыз сатылған алкоголь өімдері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша жиналған материал сотқа жіберілетін болады. Кәсіпкерге 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Айта кетерлік жайт, бұл ауданда болған бірінші жағдай емес – бұрын лицензиясыз сауда жасайтын басқа ауылдық дүкеннен 125 литр алкоголь тәркіленген болатын. 

"Алкогольді бақылаусыз сату қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға жағдай жасайды, сондықтан алкогольге қарсы заңнаманы сақтау учаскелік инспекторлардың маңызды жұмыс желілерінің бірі болып қала береді. Жалпы, жыл басынан бері облыста 3 мың литрге жуық алкоголь заңсыз айналымнан тәркіленді", дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу