СҚО-да ауыл тұрғынынан екі қап марихуана тәркіленді

420

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

СҚО-да ауыл тұрғынынан екі қап марихуана тәркіленді Фото: Polisia.kz

СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен екі қап марихуана тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Солтүстік қазақстандық полицейлер Аққайың ауданының 55 жастағы тұрғынының үйінен екі қап кептірілген марихуана тәркіледі. Ер адам маскүнем ретінде есепте тұр. 

Ас үйдегі газды плитаның артында өсімдік тектес зат салынған 2 қап анықталып, тәркіленді. Оның жалпы салмағы 8 келі 910 грамды құрады. Күдіктінің айтуынша, алкогольдің орнына жабайы қарақурайды пайдалану үшін ірі мөлшерде сақтап келген. 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 

"Есірткіні өткізу фактілері және құрамында есірткі бар заттарды өсіру деректері болған-болмағанын анықтау үшін барлық мән-жайлар тексеріледі. Жылдың басынан облысымызда 59 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, заңсыз айналымнан 15 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленіп алынды", – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу