СҚО басшысы Құмар Ақсақалов Азия және Пара Азия ойындарының жүлдегерлерiмен кездестi, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Индонезияда өткен жазғы Азия ойындарында 45 елден 13 мың спортшы қатысты. 500 спортшы Қазақстанның намысын қорғады. СҚО-дан жарысқа 12 атлет аттанды. Азия ойындарында солтүстiкқазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күмiс және 3 қола медальдi жеңiп алды. Пара Азия ойындарында спортшылар ерледi, 2 қоланы қанжығаларына байлады.
Облыс әкiмiмен кездесуге iрi додадан жүлдемен оралған Алексей Луценко, Маргарита Мукашева, Михаил Литвин, Сергей Харламов пен Иван Залезняк келдi. Аймақ басшысы жетiстiкке жетiп, елдiң абыройын асқақтатқан спортшыларға алғысын бiлдiрдi.
Кездесу барысында марапаттау рәсiмi өттi. Азия ойындарының екi дүркiн жеңiмпазы Алексей Луценкоға Құрмет грамота мен 1 млн теңге көлемiнде сыйлықақы табысталды. Азия ойындарының күмiс жүлдегерi Маргарита Мукашева Құрмет грамота мен 500 мың теңгеге ие болды. Қола жүлдегер Михаил Литвин Құрмет грамота мен 300 мың теңге алды. Құмар Ақсақалов Пара Азия ойындарының қола жүлдегерлерi Сергей Харламов пен Иван Железнякқа Алғыс хат пен 300 мың теңгеден сыйлықақыны табыс еттi.
Спортшылардың бапкерлерi де марапатқа ие болды.