СҚО-да балабақша қызметкерлері өтірік бала санын көбейтіп, бюджеттен ақша алып келген

380

Мемлекетке келтірілген шығын толық өндірілді.

СҚО-да балабақша қызметкерлері өтірік бала санын көбейтіп, бюджеттен ақша алып келген Фото: www.gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы балабақшалардың бірінде қызметкерлер жоқ балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алып отырған. прокурорлары Айыртау аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

СҚО прокуратурасы Айыртау аудандық сотының үкімімен ұйымның қызметкері келтірілген зиянды мемлекет бюджетіне толық көлемде өтегенін, сонымен қатар, 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелгенін мәлімдеді.

"Тексеру барысында Айыртау аудандық прокуратурасы балабақшалардың бірінде қызметкерлердің жоқ балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алғандарын анықтады. Бұл 2021-2024 жылдар аралығында болып, үш жылға жалғасқан", – дейді прокуратура өкілдері.

Сонымен қатар, Айыртау аудандық прокуратурасы осы аудандағы білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Мамандар, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Бұдан бөлек тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуі секілді бірқатар фактілер анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер түрлі жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу