СҚО-да бір апта ішінде 27 мас жүргізуші анықталды

471

Жыл басынан бері облыста мас жүргізушілердің кесірінен 6 адам көз жұмып, 23 адам жарақат алған. 

СҚО-да бір апта ішінде 27 мас жүргізуші анықталды Фото: inbusiness.kz

СҚО тәртіп сақшылары бір апта ішінде көлікті мас күйінде тізгіндеген 27 жүргізушіні анықтады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21-27 қараша аралығында облыста "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Тәртіп сақшылары Петропавлдың айналма жолында тоқтатқан  Mitsubishi автокөлігінің 47 жасар жүргізушісі он бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, ол 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

"Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мас күйінде көлік жүргізген 27 жүргізуші анықталды. Бұдан бөлек жылдамдықты асырудың 174 дерегі, бағдаршамның тыйым салу сигналына жол жүрудің 18 дерегі, апатты жағдай жасаудың 15 фактісі анықталып отыр. Ең жиі бұзушылықтар жаяу жүргіншілердің қатысуымен болады, жолдың белгіленбеген жерден өтуінің 345 дерегі тіркелді", - деп хабарлады облыстық ПД Жергілікті полиция басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Айта кету керек, бір апта ішінде СҚО жолдарында 3 мыңға жуық түрлі құқық бұзушылық анықталған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу