СҚО-да биыл 100-ден астам жаяу адамды көлік қағып кеткен

334

Осыған байланысты полиция тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

СҚО-да биыл 100-ден астам жаяу адамды көлік қағып кеткен Фото: freepik.com

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, өңір жолдарында жыл басынан бері 327 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның 113-інде жаяу жүргіншілер көлік қаққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүргізушілердің жолдағы тәртібін арттыруға бағытталған рейдтерден бөлек, тәртіп сақшылары жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарына ден қойды.

Өткен аптадан бастап полицейлердің ұсыныстары бойынша оқу орындары мен адам көп жиналатын орындарға жақын орналасқан Петропавл көшелерінде жол белгілері жаңартыла бастады. Жол белгілері жарықдиодты шамдармен жабдықталған.

Бұл оларды қараңғы уақытта, кез келген ауа райында анық көруге мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындар бұл жаңашылдықты толығымен қолдап жатыр.

Айта кетсек, облыс орталығының жол желісінде жарықдиодпен жарықтандырылған барлығы 46 жаяу жүргінші өткелі орнатылған. Қазір тағы 10-ы іске қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу