Солтүстік Қазақстан облысында боранда адасқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам салт атпен шығып, боранда адасып кеткен.
Ауыл тұрғынын іздеуге ТЖ бөлінісінің және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылған. 40 жастағы ер адам қар құрсауынан өз күшімен шығып, жақын маңдағы елді мекенге келген.
Солтүстік Қазақстан облысының шалғай аудандарында боран әлі соғып тұр. Уәлиханов және Ақжар аудандарындағы облыстық маңызы бар жолдарда көліктің жүруіне шектеу қойылған.
"Ақпанның құбылмалы ауа райы солтүстікқазақстандықтарға жақсы таныс. Ауа райы болжамына құлақ асқан жөн және ауа райы қолайсыз болған жағдайда жүргізушілер алыс жолға шықпауларын сұраймыз", – деді СҚО Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.