СҚО-да браконьерлер тобы ұсталды: 1,7 тонннаға жуық балық тәркіленді

383

Ақжар ауданында рейд барысында полицейлер ГАЗель автокөлігін тексеру үшін тоқтатқан.

СҚО-да браконьерлер тобы ұсталды: 1,7 тонннаға жуық балық тәркіленді Фото: polisia.kz

Көліктің жүк бөлігінен шамамен 1700 келі балық, екі моторлы қайық және балық аулауға арналған аулар табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рөлде отырған Ақмола облысының 49 жастағы тұрғыны интернеттегі хабарландыру арқылы жүк тасымалдауға тапсырыс алғанын айтқан. Оның сөзінше, ол Ақжар ауданындағы ауылдардың бірінен Көкшетау қаласына дейін жүкті 70 мың теңгеге жеткізуге уағдаласқан.

Тапсырыс берушілер тасымалдың заңдылығын растайтын құжаттарды ұсынуға уәде берген. Алайда тиісті құжаттарды алмағанына қарамастан, жүргізуші жолға шыққан. Осы жағдайға байланысты ол аудандық полиция бөлімінде түсініктеме берді.

Заңсыз балық аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдікке ілінген екі адам анықталды. Олар – Түркістан облысының 33 және 32 жастағы тұрғындары.

Күдіктілердің айтуынша, балық Майское ауылының маңындағы көлден ауланған. Қазіргі уақытта полицейлер заңсыз балық аулауға қатысы бар өзге де адамдарды анықтап, браконьерліктің басқа да деректерін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу