СҚО-да диқандар элеватордан биылғы бидайын ала алмай отыр

764

СҚО-да диқандар элеватордан биылғы бидайын ала алмай отыр

Солтүстік Қазақстан облысында диқандар элеватордан биылғы бидайларын ала алмай отыр. Өңірдегі 4 ірі астық қабылдау орны Қазақстанның инвестициялық қорына 110 млрд теңге қарыз болып, акционерлік қоғамның меншігіне өтіп кеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Енді олар астықты қабылдап жөнелтуге тыйым салып қойды. Соның салдарынан ондаған кәсіпкер сатамын деген өнімін шығара алмай, шаш етектен шығынға батты.

Бүгінгі таңда жабық тұрған элеваторларда 90 мың тоннадай "сары алтын" сақтаулы. Екі ортада тығырыққа тірелген іскер азаматтар кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады. Қазір бұл мәселеге байланысты қаржы қорына ресми хат жолданды.  

"Элеваторлардың мүлкі кепілдікке қойылған. Сондықтан соттың шешімі бойынша оның барлығы Қазақстанның инвестициялық қорының иелігіне өтті. Ал олардың бидай бойынша лицензиясы жоқ", - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Айдос Кенбейілов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу