СҚО-да екі адам суға батып кетті

959

СҚО-да екі адам суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Қайғылы жағдай кеше Тайынша ауданында болған. Бірі балық аулап, ал екіншісі шомылып жүріп ажал құшқан.

Өңірде осы апта күн күрт ысып, жергілікті жұрт жаппай өзен-көлдерге ағылды. Бұл ретте төтенше жағдайлар қызметкерлері күнбе-күн рейдтер ұйымдастырып, демалушыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертумен жүр. Олардың айтуынша, тұрғындар сақтық шараларына селқос қарайды. Оның үстіне мас күйінде суға түсетіндер бар. Мәселен, полицейлер шомылу маусымы басталғалы ішімдік ішкендерге қатысты 101 әкімшілік хаттама толтырған. 

"Тұрғындар біздің ережелерді елемейді. Көбі рұқсат етілмеген жерлерде шомылады. Ал құтқару қызметінде 60 ғана адам жұмыс істейді. Сондықтан барлық өзен-көлді бақылай алмаймыз. Тағы да айтамын, суда абай болыңыздар!", - дейді облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің басшысы Сергей Черкасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу