СҚО-да еліктерді заңсыз аулаған бес тұрғын ұсталды

441

Сараптамалар тағайындалды. 

СҚО-да еліктерді заңсыз аулаған бес тұрғын ұсталды

Есіл ауданының Амангелді ауылында жабайы жануарларды ілеспе құжаттарсыз мүшелеу кезінде 58, 66, 46, 45, 39 жастағы СҚО тұрғындары ұсталды. Оқиға орнынан бес сібір елігінің мүшеленген еті, бес атыс қаруы тәркіленді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

 Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу