СҚО-да елiмiздегi жалғыз қалайы кен орны игерiле бастады

1755

Келесi жылы тау-кен байыту комбинаты iске қосылады.

СҚО-да елiмiздегi жалғыз қалайы кен орны игерiле бастады

Солтүстiк Қазақстандағы қалайы кен орнына 100 миллиард теңге инвестиция құйылмақ, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Солтүстiк Қазақстан облысында елiмiздегi жалғыз, Орталық Азиядағы iрi қалайы кен орны Tin One Mining игерiле бастады. Мамыр айында қазба жұмыстары басталды.

"Аталған жобаның жүзеге асуын көп күттiк. Облыс экономикасына рекордтық инвестициялар құйылады. Бұл – шамамен 100 млрд теңге. Келесi жылы тау-кен байыту комбинаты iске қосылады. Қалайы кен орнында 600 адам еңбектенбек", – дедi кен орнына барған СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.

Жер қойнауын пайдаланушылар үшiн терiскейде бар жағдай жасалған. Бұл жайында "Tin One Mining" АҚ вице-президентi Дмитрий Хван айтып өттi.

"Мемлекет тарапынан бiзге жан-жақты көмек көрсетiлуде. Электр желiлерi қойылып, 50 мегаваттық станция салынды. Бiзге бұл елеулi көмек, өйткенi шығындарымызды қысқартады. Осылайша, мемлекет бiз сияқты жер қойнауын пайдаланушыларды ынталандырып отыр", – дедi Дмитрий Хван.

Қазақстандағы қалайының 65 пайызы СҚО-да орналасқан. Сырымбетте қалайының қоры – 153 мың тонна. Жылына кәсiпорын 10 мың тонна қалайы өндiрмек. Барлығы 500 млрд теңгенiң өнiмi шығарылмақ.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жоба Қазақстанға әлемдегi қалайы өндiрiсi бойынша үздiк ондыққа енуге мүмкiндiк бермек. Қазiр Лондон биржасында қалайының бiр тоннасы 21 тыс $ бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу