Солтүстік Қазақстан облысында даладан ер адамның денесі табылды, деп жазады Inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 25 мамыр күні өңірдегі Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
“Ер адам мал бағушы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда жұмыс істеп жүрген. Оған найзағай түскені анықталды. Салдарынан ер адам көз жұмып, оның жылқысы өлген. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу