СҚО-да ірі көлемде заңсыз балық аулаған браконьерлер 11 жылға сотталды

295

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

СҚО-да ірі көлемде заңсыз балық аулаған браконьерлер 11 жылға сотталды Фото: Polisia.kz

СҚО-да бір жыл бұрын ұсталған браконьерлер тобы сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін солтүстікқазақстандық полицейлер аса ірі көлемде жасалған заңсыз аң аулаудың ашылғаны туралы хабарлаған болатын. 2023 жылдың басында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің назарына Сібір еліктерін өнеркәсіптік ауқымда браконьерлік жолмен атып алумен айналысатын адамдар тобы түсті.

Ақпан айының соңында ВАЗ-2115 автокөлігімен жүрген Петропавл қаласының үш тұрғыны ұсталды. Тексеріс барысында көліктен тіркелмеген тегіс ұңғылы екі мылтық пен Сібір елігінің төрт денесі табылды. Одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында саяжай учаскелері бірінде қойма мен мүшелеу цехы табылды. Бұл жерден полицейлер жануарлардың 2 денесін, 40 тері, 12 бас пен 119 тұяқ тәркіледі. Қылмыстық топқа тағы бір солтүстікқазақстандықтың қатысы бары анықталды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері бұл адамдар браконьерлік қызметпен байланысты заңсыз бизнес құрғанын анықтады. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, көшбасшы, мерген, қасапшы жүргізуші болып өзара бөліп алған әрекеттерін іске асырған.

Қылмыстық топ қатысушылары браконьерлік кәсіпті жүзеге асыру үшін тіркелмеген қару, оқ-дәрі, гильзалар мен бытыралар сатып алғандығы анықталды. Атып алыңған жабайы жануарлардың еті таныстарына өткізіп отырған.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтірілді. Аталған фактілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабы мен 337-бабы бойынша сотқа жіберілді.

Қылмыстық топтың басшысы атанған, бұрын жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталған 31 жастағы петропавлдық сот үкімімен 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның қылмысқа бірге барғандарды 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу