СҚО-да ірі көлемдегі заңсыз алкоголь саудасы анықталды

503

Полицейлер “автосалоннан” құрамында 945 литр алкоголь бар сұйықтық құйылған 189 бөтелкені тәркіледі.

СҚО-да ірі көлемдегі заңсыз алкоголь саудасы анықталды Фото: Polisia.kz

СҚО полицейлері ірі көлемдегі алкогольдің заңсыз саудасын тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-rе сілтеме жасап.

Қызылжар ауданының Бескөл аудан орталығын тексеру кезінде учаскелік инспектор алкогольмен заңсыз сауда жасау фактісін анықтады. 

Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны өзінің автокөлігін жергілікті кафенің ауласындағы оңаша жерге қойып, салоннан тікелей жергілікті тұрғындарға және Петропавлдан келушілерге лицензиясы жоқ алкоголь салынған 5 литрлік бөтелкелерді сатқан. 

Бұл өнімді сатуға рұқсат құжаттары болмаған. Полицейлер “автосалоннан” құрамында 945 литр алкоголь бар сұйықтық құйылған 189 бөтелкені тәркіледі. Тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша материал жинады. 

"Сатып алушылардың қолына сапасы тексерілмеген және кепілдендірілмеген өнімдер кеткенін атап өткен жөн, сол себепті ол тұтынушылардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Алкогольді теріс пайдалану қылмыс пен құқық бұзушылықтардың жасалуына әкеледі, бұл заңсыз саудаға қарсы күресті заң бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі етеді", дейді аудандық ПБ бастығы Әлихан Байқадамов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу