СҚО-да қар құрсауында қалған отбасы құтқарылды

80

Көліктің ішінде ерлі-зайыптылар және екі бала болған.    

СҚО-да қар құрсауында қалған отбасы құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Тимирязев ауданында автожолда қар құрсауында қалған бір отбасын құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйел адамның жүкті болуы жағдайды одан әрі күрделендірген.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары автокөлікті тазартылған жол бөлігіне сүйреп шығарды. Одан кейін құтқарушылар отбасын Тимирязево ауылына дейін жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ жүргізушілерді қолайсыз ауа райы жағдайында жолда барынша мұқият болуға және мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу