Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы аудан орталығы Новоишимское ауылында қатты жел ғимараттың сыртқы қасбетін зақымдап, көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Төтенше жағдайлар депаратменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кешкі сағат бесте ауылда жылдамдығы секундына 30 метр болатын қатты жел соғып, жаңбыр мен бұршақ жауған.
Ауа райы қолайсыздығынан екі елді мекен - Новоишимское және Пески жарықсыз қалды.
190 отбасы тұратын үш көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай ұшқан.
Олар 1961, 1987 және 1988 жылдары салынған үйлер. 1981 жылы салынған 40 пәтерлі тұрғын үйдің кірпіші мен шатыры, "Amanat" партиясы ғимаратының және "Нұрсәт" сауда орталығының қасбеті зақымдалған.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Дауылдың зардаптары жойылып жатыр.
Материалдық залалды бағалау жөніндегі комиссия құрылады.