СҚО-да көлемі 20 гектарды құрайтын жылыжай іске қосылмақ

899

СҚО-да көлемі 20 гектарды құрайтын жылыжай іске қосылмақ

Құны 60 млн доллар, көлемі аса ірі жоба Солтүтік-Қазақстан аймағында іске қосылмақ. Арнамызға арнайы сұхбат берген "АДМ Капитал" кәсіпорнының басшысы Алексей Тен кешеннің аумағы 20 гектарға созылады деп жоспарланған дейді.

Аталмыш ұйым Қазақстан-Венгрия инвестициялық қорының басқарушы компаниясы болып табылады. Жылыжайда қиыр мен қызанақ және салат жапырақтары өсірілмек. Қор тарапынан жобаға 10 млн доллар жұмсалған. Ал бастапқы капиталдың жалпы құны 40 млн долларды құрап отыр. Айта кетейік, екі елге ортақ инвестициялық қор "Қазагро" холдингі мен Мажарстанның "Эксимбанкі" арқылы құрылған.

Алексей Тен, "ADM Capital" Қазақстан-Венгриялық тікелей инвестициялар қоры компаниясының директоры: "Басқа жобаларға келсек. Құс өсіру саласы бойынша бір жоба көзделген. Яғни ет өнімін алу мақсатындағы құс фабрикасы. Сүт-тауарлары фермасы бойынша тағы бір жоба іске қосу негізделген. Қазір құжаттарды заңдастыру жұмысы жүріп жатыр. Алғашқы жоба солтүтік, ал сүт-тауарлары фермасы Ақмола облысында салынбақ".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу