СҚО-да колония қызметкері әріптесін қағып кетіп, оны айдалаға тастап кеткен

515

Зардап шеккен адам ауруханада жатыр. 

СҚО-да колония қызметкері әріптесін қағып кетіп, оны айдалаға тастап кеткен Фото: Polisia.kz

26 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бір мекемесінің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Желіде СҚО бойынша ҚАЖД №52 мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары № 50 мекеменің бақылау қызметі бөлімінің қарауыл бастығын көлігімен қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Қылмысын жасыру үшін ол жәбірленушіні айдалаға апарып тастап кеткен. 

Аталған жайтқа қатысты облыстық полиция департаменті түсінік берді.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта бұл қызметкер Ішкі істер органдарынан босатылды. Үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұдан бөлек бірқатар қызметкерлер, оның ішінде ҚАЖД басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомство.

Бүгінгі таңда зардап шеккен ҚАЖД қызметкері Петропавл қалалық көпсалалы ауруханасында жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу