22 мамырда жедел ақпаратты іске асыру барысында СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №51 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мекеме аумағына кірмек болған Mercedes-Benz көлігін тексеру кезінде 16 телефон, оның тоғызына интернет қосылған, 2 wi-fi роутері, 5 қуаттағыш, 4 жұп құлаққап, 1 флэш-карта және 11 бірлік SIM-карта тауып, тәркіледі. Жоғарыда аталған тыйым салынған заттар 5 полиэтилен орамына оралып, көліктің алдыңғы панелінің ішкі жағында, сондай-ақ артқы оң жақ есіктің қаптамасында жасырылған.
Автокөліктің мекеме аумағына кіруі жеке кәсіпкерлікке ТҚКС бояу-шанақ жұмыстарын жүргізу мақсатында жоспарланған болатын. Автомобиль жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды жеткізу арнасын ұйымдастырған адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.