СҚО-да КСРО паспортымен жүрген тұрғындар жеке куәлік алды

549

Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжат елімізде 1994 жылы енгізілді.   

СҚО-да КСРО паспортымен жүрген тұрғындар жеке куәлік алды Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері КСРО паспортымен жүрген 7  солтүстікқазақстандық тұрғын жаңа жеке куәлік алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері оларды құжаттандыру жұмыстарын жалғастыруда. Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны құжаттарды рәсімдеуге көмек сұраған. Көші-қон полицейлері азаматтығын анықтау рәсімін жүргізді.

1974 жылғы үлгідегі паспорты бар адамдар бірқатар қызметтерді алуға, төлемдерді рәсімдеуде шектелген. Дегенмен, бірқатар тұрғындар қандай да бір себептермен ескі төлқұжаттармен өмір сүріп келеді.

"Қала тұрғыны үшін жеке куәлік дайындалды, енді ол біздің мемлекетіміздің барлық қызметтерін пайдалана алады. Ескі құжаттарды пайдаланатын солтүстікқазақстандықтарды мәселені шешуді кейінге қалдырмауға және өздерінің құқықтық мәртебесін реттеуге шақырамыз", дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. 

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері СҚО-ның жеті тұрғынына ҚР азаматтарының куәлігін алуға көмектесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу