СҚО-да құрамында ГТО мөлшері тым жоғары Қытай өнімдері анықталды

732

 СҚО-да құрамында ГТО мөлшері тым жоғары Қытай өнімдері анықталды

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тексеру қорытындысы бойынша қаптамасында дайындаушысы "Зеленое село" (Қытай) өнімдері ЖШҚ деп көрсетілген "Дед Мороз" деп аталатын ЮН-Н соя етінен генетикалық түрлендірілген сояның 2 желісінің сандық құрамының (MON 89788 – 8.45% және GTS 40-3-2 - 1.77%) артуын анықтады.

Тамақ өнімі ҚХР Чапчал-сибо автономды уезінде өндірілген және әкелінген. Бұл ретте тұтыну қаптамасында көрсетілген өнімдерде гендік-түрлендірілген ингридиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ.

Осылайша, Чапчал-сибо автономды уезі, Инань өнеркәсіптік паркі, Гасяньлу көшесі, өндіруші "Зеленое село" ЖШҚ-ның "Дед Мороз" жоғары сападағы соя етін анықтау және айналымнан алып тастау бойынша шаралар қабылдануда.

Бұл өнімдер өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында Солтүстік Қазақстан облысының "Северный" супермаркетінде бақылау сатып алу кезінде анықталды.

Сонымен қатар, комитеттің барлық аумақтық органдарына аталған өнімді анықтау және айналымнан алып тастау үшін шаралар қабылдау бойынша тапсырма берілді.

 Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04  нөмірі бойынша, сонымен қатар комитетке  және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің байланыс деректері kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында көрсетілген).

Айта кетсек, тамақ өнімдеріндегі ГТО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9%-дан аспайды. Белгіленген талаптарға, оның ішінде Алиментариус кодексінің халықаралық тағам стандарттарына сәйкес құрамында 0,9%-дан астам ГТО бар тамақ өнімі міндетті түрде таңбалануға жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу