Солтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарына жеңілдетілген бағамен 60 мың тонна дизельдік отын бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бидай түсімі гектарынан 15 центнер. Бұл – жылдағы орта көрсеткішке сай. Биыл өңірде 4,5 млн гектар алқапқа егін егілген.
Оның 3,2 миллионы дәнді, 960 мың гектары майлы дақылдар. Сонымен қатар жемшөп, картоп пен көкөністің басқа да түрлері егілді.
Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, астық сақтайтын қоймалар жаңа өнімді қабылдауға әзір.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу