СҚО-да мүгедектігі бар жұмысшылардан заңсыз салық жиналған

157

Солтүстік Қазақстанда жұмыс берушілер 1 жыл уақыт бойы 300-ден астам қызметкерден 17 млн теңге заңсыз салық ұстап келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

СҚО-да мүгедектігі бар жұмысшылардан заңсыз салық жиналған Фото: freepik.com

2023 жылдан 2024 жылға дейін жұмыс берушілер үш жүзден астам мүгедектігі бар қызметкерлерден 17 миллион теңгеге жуық табыс салығын заңсыз ұстап қалған. Алайда заң бойынша мүгедектігі бар адамдардан бұл салық түрі алынбайды.

Ақжар, Есіл, Мамлют, Тайынша аудандары мен Ғ. Мүсірепов және Шал ақын аудандарында жұмыс берушілер 366 мүмкіндігі шектеулі қызметкерден жалпы сомасы 16,9 миллион теңге көлемінде жеке табыс салығын ұстап отырған.

Сонымен қатар Есіл ауданында ерекше қажеттілігі бар балалардың 24 заңды өкілінен де 1,7 миллион теңге көлемінде салық заңсыз ұсталған.

Прокуратура тексерісінің нәтижесінде азаматтарға 6,2 миллион теңге қаражат қайтарылды. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып жатыр. Қалған қаражатты қайтару үшін жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу