СҚО-да облысішілік автобустарда жол жүру құны қымбаттайды

438

Шенеуніктердің сөзінше, жол жүру құнын қымбаттату мәжбүрлі шара болып отыр. Тариф 2017 жылдан бері өзгермеген. 

СҚО-да облысішілік автобустарда жол жүру құны қымбаттайды

Солтүстік Қазақстан облысында облысішілік автобустарда жол жүру құны қымбаттайды, деп жазады inbusiness.kz pkzsk.info порталына сілтеме жасап.

Құжат барлық қажетті инстанциялардан өтті.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхметтің айтуынша, аймақта 123 автобус бағыты бар.

"Тарифті әр километр үшін 2 теңгеге арттыру билеттерді сатудан түскен табысты ұлғайтуға, ал бекітілген бюджет шеңберінде босатылған ақшалай қаражатты шалғай аудандарға жаңа әлеуметтік маңызы бар маршруттарды ашуға бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ауылдық елдімекендерді автобус маршруттарымен қамтуды ұлғайтуға көмектеседі. Ең бірінші кезекте Ғ.Мүсірепов, Ақжар, Ш.Уәлиханов және Айыртау сияқты шалғай аудандарды қосымша қамтығымыз келеді", - деді ол.

Мақсат Баяхметтарифті көтеру бойынша қаулы жобасы қабылданғанын, құжат қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алып, Ашық НҚА порталында онлайн талқылаудан өткенін атап өтті. Жуырда облыстық мәслихат сессиясының қарауына беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу