СҚО-да омарташылар даярлана бастады

768

СҚО-да омарташылар даярлана бастады

Петропавл кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжінде омарташылар даярлана бастады, деп хабарлайды egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанның облыстық омарташылар қауымдастығының төрағасы Олег Гавриловтың айтуына қарағанда былтыр 300 тонна бал өнімі жиналыпты. Биыл бұл көрсеткішті 1 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр.

Ара шаруашылығы Қызылжар, Мамлют, Шал ақын аудандарында жақсы дамыса, қалған аудандарда баяу. Оның бір себебі ара өсірудің қыр-сырын жетік меңгерген кәсіби мамандардың тапшылығына келіп тіреледі. Енді осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Петропавл кәсіптік даярлау және қызмет көрсету оқу орны жақсы бастамаға қозғау салды. Мұнда  23 солтүстікқазақстандық тегін оқуға қабылданып, омарташы мамандығын меңгеріп шығады.

Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжінің директоры Николай Соколов колледжді тәмамдаған түлектер "Бастау-бизнес" жобасына қатысып, жеңілдікті несиеге үміттене алатынын жеткізді.

Биыл оңтүстік өңірлерден 900-ден астам ара ұясы әкелініпті. Әрқайсысында  70 мыңға дейін бал арасы орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу