СҚО-да орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды

310

Олар жауапкершілікке тартылып, бюджетке 11 млн теңге көлемінде ормандарды молықтыру төлемі өндірілді.

СҚО-да орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды Фото: Pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары орман заңнамаларын бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық прокуратураның талдау шеңберінде Орман кодексінің талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды, оның ішінде орман пайдаланушылардың шарттық міндеттемелерді елемеуінен, оның ішінде 534 га аумақта ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбеуінен, сондай-ақ ағаш жіберуді орындамағандықтарынан көруге болады.

Орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары осы шарттық міндеттемелердің орындалуына тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін шаралар қабылдамаған.

Тағы бір жағдайда облыстың орман шаруашылықтары (Аққайың, Булаев, Есіл, Пресновка, Жамбыл, Орлиногорск, Мамлют) Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына қайшы, жеке тұлғаларға ағаш сатуға орман билеттерін заңда белгіленген нормадан жоғары көлемде берген.

"Қадағалау органының актісі бойынша орман шаруашылықтарының 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 11 млн.теңге көлемінде ормандарды молықтыру төлемі өндірілді, сондай-ақ әзірленген кешенді жоспар аясында жіберілген бұзушылықтарды жою шаралары қабылдануда", - делінген хабарламада.

Орман заңнамаларын сақтау сұрағы бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу