СҚО-да психдиспансерден қашқан жігіт Ақмола облысынан табылды

515

Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО-да психдиспансерден қашқан жігіт Ақмола облысынан табылды Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында психикалық денсаулық орталығынан кетіп қалған 29 жастағы жігітті полиция қызметкерлері аман-есен тапты.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 сәуірде Тайынша ауданының полиция бөліміне Тайынша қаласының психикалық денсаулық орталығы аумағынан белгісіз бағытта 29 жастағы науқас адамның кеткені туралы хабар түсті.

Полицейлер іздестіру іс-шараларын бастады, оларға волонтерлер көмекке келіп, әлеуметтік желілерде фото бағдарлауды таратты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 25-нен 26 сәуірге қараған түні жоғалған адамның орналасқан жері анықталды.

Жігіт Ақмола облысы Мариновка ауылынан табылды.

Ер адам Тайынша қаласынан жолға шығып, Астанаға кеткен. Сол жерден алыс туыстары оны Мариновкаға жіберген екен.

26 сәуірде іздеудегі адам Тайынша қаласына аман-есен жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының басшылығына тапсырылды.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының ақпараты бойынша, жыл басынан бері СҚО бойынша полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 12 адамның жүрген жерін анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу