СҚО-да шошқа фермасындағы жұмысшылар газдан уланған болуы мүмкін

363

Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

СҚО-да шошқа фермасындағы жұмысшылар газдан уланған болуы мүмкін Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа кешенінде көз жұмған төрт жұмысшы газдан улануы мүмкін. Сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, 1 тамыз күнгі сағат 23:25-те СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Новоивановка ауылында орналасқан шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң төрт жұмысшы шықпағандығы туралы хабар түскен.

Іздестіру шаралары барысында олардың денелері осы кешендегі кәріз құдығының түбінен табылды. Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған. Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталған факті "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапқанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу