Солтүстік Қазақстанда шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапты

629

Қайғылы жағдай кәрізді тазалап жатқан кезде болған.

 Солтүстік Қазақстанда шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапты Фото: inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы "EMS AGRO" шошқа кешенінде төрт жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға шошқаларды бордақылау алаңында болған. Жұмысшылар ауысымнан кейін алаңнан шықпаған.

Тексеру барысында олар тереңдігі 8 метрлік кәріз суын жинақтайтын қойманы тазалау барысында қаза тапқандығы белгілі болды.

Алдын ала ақпарат бойынша, қаза тапқан қызметкерлер 57, 32, 28 және 23 жаста болған.

Оқиға орнына СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров және мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Марат Омаров барды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Өңір басшысы олардың отбасыларына барып, көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу