СҚО-да синтетикалық есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді

445

Күдікті есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде бөлшектеп-өлшеуші болып жұмыс істеген.

СҚО-да синтетикалық есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді Фото: Polisia.kz

Тамыз айында солтүстікқазақстандық полицейлер астаналық әріптестерімен бірлесіп, Петропавл қаласына кіреберістегі "Оңтүстік" бақылау пунктінде Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. 

Ішінде отырған 52 жастағы жолаушыдан сарғыш түсті кесектелген зат салынған 3 полимерлік түйіншек және бөлшектеп өлшеуге арналған құрал-жабдықтар, дәлірек айтқанда таразы мен буып-түю материалы тәркіленді. 

Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың аса ірі мөлшердегі α-PvP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті, салмағы – 624 грамм.

"Бұл партия екі мыңға жуық адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті. Күдікті есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде бөлшектеп-өлшеуші болып жұмыс істеген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді," – деп түсіндірді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Иван Терзиди.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу