Қазір өңірде жалпы 465 мектеп жұмыс істеп тұр. Оның 75% шағын құрамды мектеп. Сондай-ақ 306 ауылдан 2700 астам оқушы көрші елді мекендерге қатынап оқуға мәжбүр. Қазір өңірде екі жаңа білім ошағының құрылысы жүріп жатыр.
"Бұл мектептерде балалардың саны нормативке сәйкес келмеді. Сол себептен осы мектептер жабылып қалды. Жабылған мектептерде бүкіл балаларды тасымалдау ұйымдастырылды. Интернатта тұратын балаларды бес рет тамақтандырамыз. Былтыр жеті мектеп жабылды. Содан кейін жеті мектеп реорганизация болып кетті ғой", – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков.