СҚО-да су басатын елді мекендерден қар шығару жұмыстары ұйымдастырылмаған

309

Заң талаптарын бұза отыра, бұл ауданда жауапты тұлғалар облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда су өткізгіш құбырларды тазалау жұмыстарын жүргізбеген. 

СҚО-да су басатын елді мекендерден қар шығару жұмыстары ұйымдастырылмаған Фото: Қазақстан теміржолшысы

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша заңдылықтың жай-күйін талдау Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" (бұдан әрі - Заң) Заңының талаптарын өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Айыртау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары тасқын су басатын елді мекендерден қар шығару жұмыстарын ұйымдастырмаған.

 Осындай бұзушылықтар Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Есіл аудандарында анықталған.

Тимирязев ауданында Заң талаптарын бұза отырып, инженерлік техника мен инертті материалды алуға шарт жасалмаған.

Сонымен бірге Мамлют, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов аудандарының жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары қорғаныш топырақ үйіндісін нығайту және су өткізгіш құбырларды орнату бөлігінде 2024 жылғы су тасқынына дайындық бойынша инженерлік жұмыстар жоспарының іс-шаралары орындалмады.

Қадағалау органының шаралары бойынша жергілікті атқарушы органдар бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізуде.

Жүргізілген талдау нәтижелері ағымдағы жылдың 5 наурызында облыс прокуроры Қ.Ә. Әбдіхановтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңесте талқыланып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы жауапты лауазымды тұлғалар тыңдалды.

Отырыс нәтижесінде су тасқынының қауіпсіз өтуіне және төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды жүргізу туралы бірлескен шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу